"Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 87 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2020 жылғы 6 тымыздағы № 754-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 4,4678 гектар жер учаскелеріне 2026 жылдың 6 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін және шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады