"Надеждинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 173 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабына, 71-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2019 жылғы 01 қазандағы № 329-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясының негізінде, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Надеждинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылы (елді мекеннің шегінен тыс) аумағында орналасқан жалпы алаңы 157,0823 гектар жер учаскесіне 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады