Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы | А. Бараншина |
КЕЛІСІЛДІ
Сатай ауылының әкімі
___________ Ю. Новотеева
2021 жылғы "24" қыркүйек
Мәслихаттың | |
2021 жылғы "24" қыркүйектегі | |
№ 63 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының тұрғындары үшін | 41 |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы "24" қыркүйектегі | |
№ 63 шешімімен | |
бекітілген |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Сатай ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Сатай ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Сатай ауылының әкімі шақырады.
Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Бөлек жиындарды шақыру туралы хабарлау міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады, бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша байланыстың өзге де тәсілдері қолданылуы мүмкін.
5. Сатай ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Сатай ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Сатай ауылының әкімінің аппаратына береді.