Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2739 болып тіркелді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Салқынкөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е. Әділбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Салқынкөл ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшедетұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Ауылдар мен көшелер атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Салқынкөл ауылы, Конституция көшесінің тұрғындарына | 3 |
2 | Салқынкөл ауылы, Комсомольская көшесінің тұрғындарына | 1 |
3 | Салқынкөл ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына | 1 |
4 | Салқынкөл ауылы, Восточная көшесінің тұрғындарына | 1 |
5 | Салқынкөл ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына | 2 |
6 | Салқынкөл ауылы, Куйбышев көшесінің тұрғындарына | 2 |
7 | Салқынкөл ауылы, Механизаторов көшесінің тұрғындарына | 3 |
8 | Салқынкөл ауылы, Киров көшесінің тұрғындарына | 1 |
9 | Салқынкөл ауылы, Рузаев көшесінің тұрғындарына | 1 |
10 | Салқынкөл ауылы, Абай көшесінің тұрғындарына | 1 |
11 | Салқынкөл ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына | 2 |
12 | Салқынкөл ауылы, Западная көшесінің тұрғындарына | 1 |
13 | Тоқты ауылы тұрғындарына | 3 |