2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/145 шешімі.

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа еңгізіледі - осы шешімнің 7-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Петровка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер - 29 496 мың теңге:

      салық түсімдері - 4 593,5 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер - 34,2 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 596 мың теңге;

      трансферттер түсімдері - 21 272,3 мың теңге;

      2) шығындар - 32 373 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

      қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 2 877 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 877 мың теңге:

      қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 877 мың теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 21.02.2022 № 16/169 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2022 № 24/275 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1-1. Петровка ауылдық округі бюджетінде шағындар қаржылық жылдың басында қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен 2 407,5 мың теңге сомада 4 - қосымшаға сәйкес қарастырылсын.

      Ескерту. Шешім 1-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 21.02.2022 № 16/169 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1-2. 2022 жылға арналған бюджетте 5-қосымшаға сәйкес Петровка ауылдық округінің бюджетіне түскен облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған трансферттердің сомаларын қайтару бойынша шығыстар 34,2 мың теңге сомасында көзделсін.

      Ескерту. Шешім 1-2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1-3. Петровка ауылдық округі бюджетінің шығыстарында бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 2021 қаржы жылында облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4 - қосымшаға сәйкес 469,5 мың теңге сомасында көзделсін.

      Ескерту. Шешім 1-3-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 23.11.2022 № 24/275 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. 2022 жылға арналған Петровка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.

      3. 2022 жылға аудандық бюджеттен Петровка ауылдық округінің бюджетіне 12 225 мың теңге сомада бюджеттік субвенциялар көлемі қарастырылсын.

      4. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

      азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлемін арттыруға.

      Республикалық бюджеттен аталған нысаналы трансферттерді бөлу "2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.

      4-1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2022 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

      Мәдениет ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуге;

      "Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл" тақырыбы бойынша ауылдық округ әкімдерін оқытуға.

      Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Петровка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.

      Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); жана редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 23.11.2022 № 24/275 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      4-2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2022 жылға арналған бюджетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен ағымдағы мақсатты трансферттердің көлемі көзделсін:

      азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының аталған ағымдағы мақсатты трансферттерін бөлу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.

      Ескерту. Шешім 4-2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі қарастырылсын, соның ішінде:

      мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемін арттыруға;

      елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға.

      Аудандық бюджеттен аталған нысаналы трансферттерін бөлу "2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.

      6. Петровка ауылдық округі бойынша 2022-2024 жылдарға арналған шығындар 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      7. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихатының хатшысы
А. Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14/145 шешіміне
  1 – қосымша

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджеті

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 21.02.2022 № 16/169 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2022 № 24/275(01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Санаты

Сыныбы

Ішкі сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)




1) Кірістер

29 496

1



Салық түсімдері

4 593,5


01


Табыс салығы

1 038,5



2

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы

1 038,5


04


Мүлік салығы

3 369



1

Мүлік салығы

276



3

Жер салығы

46



4

Көлік құралдарына салынатын салық

3 047


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

186



3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

186

2



Салықтық емес түсімдер

34,2


06


Басқа да салықтық емес түсімдер

34,2



1

Басқа да салықтық емес түсімдер

34,2

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3 596


03


Жер және материалдық емес активтерді сату

3 596



1

Жерді сату

3 596

4



Трансферттер түсімі

21 272,3


02


Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер

21 272,3



3

Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін трансферттер

21 272,3

Функцио-налды топ

Бюджет әкімшісі программ

Бағдар-лама

Атауы

Сомасы (мың теңге)




2) Шығындар

32 373

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

22 701,8


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

22 701,8



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22 701,8

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8 260


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

8 260



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1 560



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

1 500



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

5 200

15



Трансферттер

1 411,2


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 411,2



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

503,7



051

Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

907,5




3) Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша Сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5) бюджет тапшылығы (профициті)

- 2 877




6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

2 877

7



Қарыздар түсімдері

0

16



Қарыздарды өтеу

0

Санат

Сынып

Ішкі сынып

Атауы

Сомасы (мың теңге)

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

2 877


01


Бюджет қаражатының қалдықтары

2 877



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

2 877

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14/145 шешіміне
  2 - қосымша

2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
(мың теңге)




1) Кірістер

24 772

1



Салықтық түсімдер

3 519


04


Меншiкке салынатын салықтар

3 519



1

Мүлікке салынатын салықтар

288



3

Жер салығы

48



4

Көлік құралдарына салынатын салық

3 183

4



Трансферттердің түсімдері

21 253


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

21 253



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

21 253

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы
(мың теңге)




2) Шығындар

24 772

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

22 665


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

22 665



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22 665

07



Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

2 107


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

2 107



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

565



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1 542




3) Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржылық активтерді сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5) Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0




Қарыздар түсімдері

0




Қарыздарды өтеу

0

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
(мың теңге)

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

0



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

0

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14/145 шешіміне
  3 - қосымша

2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
(мың теңге)




1) Кірістер

24 866

1



Салықтық түсімдер

3 676


04


Меншiкке салынатын салықтар

3 676



1

Мүлікке салынатын салықтар

300



3

Жер салығы

50



4

Көлік құралдарына салынатын салық

3 326

4



Трансферттердің түсімдері

21 190


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

21 190



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

21 190

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы
(мың теңге)




2) Шығындар

24 866

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

22 665


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

22 665



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22 665

07



Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

2 201


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

2 201



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

590



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1 611




3) Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржылық активтерді сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5) Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0




Қарыздар түсімдері

0




Қарыздарды өтеу

0

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
(мың теңге)

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

0



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

0

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14/145 шешіміне
  4 -қосымша

2022 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын бағыттау

      Ескерту. Шешім 4-қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 21.02.2022 № 16/169 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі);  жана редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 23.11.2022 № 24/275 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Функцио-налды топ

Бюджеттік бағдарла-малардың әкімшісі

Бағдар-лама

Атауы

Сомасы (мың теңге)

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1 500


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 500



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

1 500

15



Трансферттер

1 377


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 377



051

Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

907,5



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

469,5




Барлығы:

2 877

     

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 14/145 шешіміне
  5- қосымша

Петровка ауылдық округінің бюджетіне түскен облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған трансферттердің сомаларын қайтару

      Ескерту. Шешім 5-қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 29.09.2022 № 23/256 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Санаты

Сынып

кіші сынып

Атауы

Сомасы (мың теңге)




1) Кірістер


2



Салықтық емес түсімдер

34,2


06


Басқа да салықтық емес түсімдер

34,2



1

Басқа да салықтық емес түсімдер

34,2

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі программ

Бағдарлама

Атауы

Сомасы (мың теңге)




2) Шығындар


15



Трансферттер

34,2


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

34,2



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

34,2




Барлығы:

34,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады