Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8 "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 5/5 шешімі

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      2) жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:

      1, 2, 5, 6 және 8-тармақтардағы "ауылдардың" деген сөздер "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын, мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі ауылы қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.";

      3) көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев аудандық мәслихат хатшысы А. Асанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады