Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 "Атырау қаласының ауылдық округтеріндегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 11 қазандағы № 101 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12 сәуірдегі 2024 жылғы № 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12.04.2024 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Атырау қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің және Атырау қаласы әкімдігінің ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын қарап, Атырау қаласы Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 "Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4183 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау қаласынының ауылдық округтерідегі жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін қала әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа шақыру уақыты, шақырылу орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады".

      12- және 13- тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім);

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Атырау қаласы Мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені қала әкімі қала Мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына (Б. Шеркешбаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының Мәслихат
      хатшысы Қ. Джаумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады