Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 1 тармағының 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және 37-бабына сәйкес, "Vista Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының хатын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Vista Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (060240017309) магистральдық оптикалық-талшықты байланыс желісі құрылысын салу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Атырау-Орал тас жолы бойында орналасқан көлемі 7,0800 гектар жер учаскесіне 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Умаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | К. Уразбаев |