"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 355-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесісінде:

      16-тармақта:

      12) және 13)-тармақшалар алынып тасталсын;

      20)-34)-тармақшалар алынып тасталсын;

      41), 42) және 43)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      42) мемлекеттік кірістер органдарынан алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады;

      43) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама береді;";

      мынадай мазмұндағы 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:

      "57) шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін айқындауға қатысады;

      58) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдауды көздеу көрсетуді қарастырады;

      59) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін бекітуге және оларды көрсетуге қатысады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады