"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 199-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесісінде:

      16-тармағында:

      15)-тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "15) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлейді және бекітеді;";

      келесі мазмұндағы 48) – 56)-тармақшаларымен толықтырылсын:

      "48) құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсаттар береді;

      49) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      50) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      51) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде сауда саласындағы кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;

      52) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      53) консультативтік-кеңесші органдар – кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде реттейтін салалардағы салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      54) сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) өзектендіреді;

      55) сауда саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) өзектендіреді, бекітеді;

      56) Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша жұмыс берушілер бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен) өзара іс-қимыл жасайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады