Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 277 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      2. "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Д. Закарин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№ 277 қаулысына № 1 қосымша

Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Д.Нурпейсова атындағы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№ 277 қаулысына № 2 қосымша

Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 28.06.2022 № 123 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аудандық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№ 277 қаулысына № 3 қосымша

Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

114

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады