Казталов ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 324 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 293 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 21.12.2022 № 293 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Казталов ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Казталов ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлердің тізімдік санынан ұйымдар үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №38 "Казталов ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6827 тіркелген, 2021 жылғы 22 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Темірғалиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А.Есалиев

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына 1- қосымша

Казталов ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

266

2

5

2

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны"

138

2

3

3

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Казталов аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

108

2

2


Барлығы

512

2

10

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына 2 - қосымша

Казталов ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны"

138

2

3


Барлығы

138


3

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына 3 - қосымша

Казталов ауданы бойынша 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

280

2

6

2

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№2 Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

247

2

5

3

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

266

2

5

4

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

123

2

2

5

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

2

2

6

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

2

2

7

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2

2

8

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Казталов мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

112

2

2


Барлығы

1332


26


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады