2022 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 133 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 133 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Қаратөбе аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

118

3

1

2

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

2

3

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Шөптікөл орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2

1

4

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәспорыны "Қаратөбе аудандық аурухана"

233

3

2


Барлығы

528

2-4

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады