Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № С-12/17 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Шәуенов |