Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес:

      1. Шортанды ауданы Шортанды кентінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 5,2700 гектар "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін жер учаскелерін алып қоймай, үш жыл мерзімге 2022 жылғы 1 ақпаннан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы шешімге қосымшаға сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскесін талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу мақсатында пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды кентінің әкімі Ц.Мамбет


  Шортанды ауданы
Шортанды кенті әкімінің
2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 3 шешіміне
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін Шортанды кентінің аумағында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитутпен белгіленген жерлер,гектар

Жер санаты

1

Шортанды кенті

5,2700

Елді мекеннің жерлері

2

Шортанды кенті

5,2700

Елді мекеннің жерлері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады