Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 09.10.2023 № 109 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әйтеке би ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Әйтеке би ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы: |
Е. Б. Таңсықбаев |
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 165 шешіміне 1- қосымша |
Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Әйтеке би ауданы аумағындағы ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4 тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 165 шешіміне 2-қосымша |
Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
р/с № | Әйтеке би ауданының елді мекенінің атауы | Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Әйке ауылдық округі | ||
1 | Әйке ауылы (2 учаске) | 6 |
2 | Тереңсай ауылы (1 учаске) | 3 |
Қарабұтақ ауылдық округі | ||
3 | Қарабұтақ ауылы (2 учаске) | 4 |
4 | Жараөткел ауылы (1 учаске) | 1 |
5 | Енбекту ауылы (1 учаске) | 1 |
6 | Белқопа ауылы (1 учаске) | 1 |
Темірбек Жүргенов ауылдық округі | ||
7 | Темірбек Жүргенов ауылы (4 учаске) | 8 |
8 | Талдысай ауылы (1 учаске) | 2 |
Ақтасты ауылдық округі | ||
9 | Ақтасты ауылы (1 учаске) | 3 |
10 | Толыбай ауылы (1 учаске) | 3 |
Ақкөл ауылдық округі | ||
11 | Ақкөл ауылы (1 учаске) | 3 |
Аралтоғай ауылдық округі | ||
12 | Аралтоғай ауылы (2 учаске) | 6 |
13 | Қияқты ауылы (1 учаске) | 1 |
14 | Ұлғайсын ауылы (1 учаске) | 1 |
15 | Милы ауылы (1 учаске) | 1 |
Тұмабұлақ ауылдық округі | ||
16 | Тұмабұлақ ауылы (1 учаске) | 3 |
17 | Сарыбұлақ ауылы (1 учаске) | 1 |
Жабасақ ауылдық округі | ||
18 | Жабасақ ауылы (3 учаске) | 7 |
19 | Байжанкөл ауылы (1 учаске) | 1 |
20 | Аққұм ауылы (1 учаске) | 1 |
Жамбыл ауылдық округі | ||
21 | Жамбыл ауылы (2 учаске) | 5 |
Қайрақты ауылдық округі | ||
22 | Қайрақты ауылы (1 учаске) | 3 |
Құмқұдық ауылдық округі | ||
23 | Құмқұдық ауылы (3 учаске) | 9 |
Қызылжұлдыз ауылдық округі | ||
24 | Қызылжұлдыз ауылы (1 учаске) | 3 |
Сарат ауылдық округі | ||
25 | Сарат ауылы (1 учаске) | 3 |
Сұлукөл ауылдық округі | ||
26 | Сұлукөл ауылы (2 учаске) | 5 |
Үшқатты ауылдық округі | ||
27 | Үшқатты ауылы (1 учаске) | 3 |