Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 169 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 13.04.2023 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8107 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме):

      41 тармақ төмендегідей жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, құрылымдық бөлімше басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады."

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы:
Е. Б. Таңсықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады