Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8107 тіркелген) шешімі;
2) Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"" 2022 жылғы 29 наурыздағы № 169 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Сейлханов |