Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 148 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион нәтижелері туралы № 203095 хаттамасы негізінде, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылдық округі аумағында орналасқан "Шатырлысай" учаскесінде жалпы көлемі 6655,9 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "BSG OIL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін 6 жыл мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады