2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 234 қаулысы. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 13.10.2023 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Өксікбаев

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 234 қаулысына қосымша

2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындары-ның саны (бірлік)

1

"Наурыз-СИМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

37

1

1

2

"Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-сі

17

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады