Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 175 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 234 "2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" қаулысының;

      2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 235 "2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының;

      3) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 236 "2023 жылға Ырғыз ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күштері жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Уксикбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады