"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Құлов |
Қобда ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "19" желтоқсан № 398 қаулысына қосымша |
2023 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 78 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | Қызмет түрі | Қажетті мамандық | |
% | адам | ||||||
1 | "Қобда су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 40 | 2 | 1 | 1 | Суды жинау, өңдеу және тарату | жұмысшы |
2 | "Қобда жер" ЖШС | 15 | 2 | 1 | 1 | Ауыл шаруашылығы | жұмысшы |
3 | "ҚазТрансГазАймақ" АҚ | 30 | 2 | 1 | 1 | Газ тарату, жөндеу қызметі | жұмысшы |