2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 400 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған Қобда ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 11.01.2023 № 11 қаулысымен (қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлов

  Қобда ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "19" желтоқсан
№ 400 қаулысына қосымша

2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс керлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Қызмет түрі

Қажетті мамандық

%

адам

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

42

2

1

1

Білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру

жұмысшы

2

"Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

40

2

1

1

Шығармашылық, өнер саласындағы қызмет

жұмысшы

3

"Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

17

2

1

1

Әлеуметтік қамсыздандыру

хатшы

4

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

90

2

1

1

Денсаулық сақтау

жұмысшы

5

"Қобда ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

14

2

1

1

Әлеуметтік қамсыздандыру

жұмысшы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады