Қобда ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы "2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 400 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы "2023 жылға Қобда ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 400 қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының 1 тармағы: 2023 жылға арналған Қобда ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі Б. Құлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады