Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 - баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Восток нефть и сервисное обслуживание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Темір ауданы, Саркөл ауылдық округі, Шұбарши ауылы мекен жайынан өндірістік базасы мен вахталық қалашыққа кірме жол орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі – 0,0163 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың маусым айына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. Орыс тіліндегі 1 тармақ жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 20.04.2022 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктермей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады