Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 66 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының орыс тіліндегі мәтінінде 1 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Товариществу с ограниченной ответственностью "Восток нефть и сервисное обслуживание" установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории поселка Шубарши, Саркольского сельского округа Темирского района общей площадью 0,0163 гектаров без изъятия у землепользователей, для размещения и обслуживания проездной дороги к вахтовому поселку и производственной базе, сроком до июня 2022 года."

      қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады