2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Ойыл ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2023 жылға Ойыл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. 2023 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің орынбасары М. Айдарбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Қазыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 қаулысына 1 қосымшасы

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс керлерінің тізімдік саны, (адам)

Белгіленген квота, (%)

Жұмыс орындар саны, (бірліктері)

1

2

3

4

5

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл Аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

2

1

2

"Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

100

2

2

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 қаулысына 2 қосымшасы

2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны, (адам)

Белгіленген квота, (%)

Жұмыс орындар саны, (бірліктері)

1

2

3

4

5

1

"Ойыл аудандық сәулет, құрлыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкжар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

50

2

1

2

"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

50

2

1

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 қаулысына 3 қосымшасы

2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс керлерінің тізімдік саны, (адам)

Белгіленген квота, (%)

Жұмыс орындар саны, (бірліктері)

1

2

3

4

5

1

"Ойыл аудандық сәулет, құрлыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкжар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

50

2

1

2

"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

50

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады