Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1 тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатынас хаты негізінде Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Абай, Құдықсай және Табантал ауылдық округтері аумағында орналасқан пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, 2028 жылдың 27 қазанына дейін, жалпы алаңы 30415, 3687 гектар жер учаскесіне, жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара жария сервитут жөніндегі шарт жасақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |