Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,7029 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен талшықты оптикалық байланыс желісін ТОБЖ және диспетчерлік Шалқар сызықтық өндірістік басқару, бақылау бөлмесі СББ құрылысын салу үшін 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |