Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 19 қаулысы. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 08.12.2022 № 335 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8)тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13898 болып тіркелді) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2- қосымшаға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Райымбек ауданы әкімдігі қаулыларының күшіжойылды деп танылсын:

      1) "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 07 ақпандағы № 25 Райымбек ауданы әкімдігінің қаулысы;

      2) "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 07 ақпандағы №26 Райымбек ауданы әкімдігінің қаулысы;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.

      Аудан әкімі Н. Құдайбергенов

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "___" ______________ "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №__қаулысына 1- қосымша

Рет саны

Мекеме, кәсіпорын атауы

Белгіленген квота саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Бөлінген квота саны (адам)

1

"Нарынқол орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

2 %

2

2

Райымбек ауданы Әкімінің "аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

61

2%

1

3

Нарынқол ауылының шаруашылық жүргізу құқындағы "Аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

186

2%

4

      Аппарат басшысы Г. Кенебаева

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "___" ______________ "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №__қаулысына 2 - қосымша

Рет саны

Мекеме, кәсіпорын атауы

Белгіленген квота саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Бөлінген квота саны (адам)

1

"Нарынқол орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

2%

2

2

Райымбек ауданы Әкімінің "аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

61

2 %

1

3

Нарынқол ауылының шаруашылық жүргізу құқындағым "Аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

186

2 %

4

      Аппарат басшысы Г. Кенебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады