Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кеген аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 27 қаулысы. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 24.11.2022 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Кеген ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшінжұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Кеген ауданының әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі № 101 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5202 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 4 шілдеде жарияланған) күші жойылған болып танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбаевичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Байедилов

  Кеген ауданының әкімдігінің 2022 жылғы "___" ______________ "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №______қаулысына 1-қосымша

Рет саны

Мекеме, кәсіпорын атауы

Белгіленген квота саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Бөлінген квота саны (адам)

1

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы"мемлекеттік мекемесінің "Кеген орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2 %

2

2

"Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық пунктері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

106

2 %

2


Барлығы:

189


4

      Аппарат басшысы М. Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады