"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы мынадай редакциядағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, тұрғын үй салуды және сатып алу жұмыстарын атқару."
2. "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Шымкент қаласының әкiмi | М.Әйтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "____"___________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтырулар мәтіні
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағы 12) тармақшамен толықтырылды:
12) "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, тұрғын үй салуды және сатып алу жұмыстарын атқару."