"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 262-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 20 ақпандағы №515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығы қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Агенттіктің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттері:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2022 жылғы "__" ________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 2 бұйрығына
19-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша іске асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департамент егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 070000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Карменов көшесі, 4А.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаменттің функциялары болатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке кіріс әкелетін қызмет атқаруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда сондай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің міндеттері:

      1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Департаменттің функциялары:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтарға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік қызметті қамтамасыз етуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтар жөніндегі қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ақпаратты кейіннен жариялай отырып өткізуге мониторингті жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саладағы криминогендік жағдайды талдау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      9) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келіп түскен өтінішхаттар мен сұрау салуларды орындау;

      10) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      12) ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, Департаменттің техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;

      13) Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      14) Департаменттің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және өткізу режимін қамтамасыз ету;

      15) Департаменттің қару-жарағына кіретін қарулардың, оқ-дәрілердің, арнайы қорғау құралдарының сақталуын есепке алу және бақылау;

      16) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру даярлығы, Департамент жұмысының тұрақтылығын арттыру;

      17) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимін сақтау;

      18) Департамент жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, алдын алу және жолын кесу;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтармен күрес бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте криминалистикалық зерттеулер жүргізу;

      3) өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу;

      4) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне Департаменттің есебінен өтей отырып пайдалану;

      5) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалану;

      6) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалану;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алу және пайдалану;

      9) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келісу бойынша Департаменттің күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін тартуға;

      10) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіру;

      11) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеу және (немесе) тергелуі бойынша беру;

      12) құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстау және Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі органдарының немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;

      13) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою, тінту жасау немесе алу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс-, бейнежазба, кино-, суретке түсіру, көшірме бедер жасау, баспатаңба, жоспарлар, схемалар және ақпаратты түсіріп алудың басқа да тәсілдерін жүргізу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда тауарлар сатып алу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдану, атыс және өзге қаруды, арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану;

      17) іс жүргізуде бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге де мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсініктемелер алу;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;

      19) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыруға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

      20) ұсталғандарды және қамауға алынған өзге де адамдарды айдауылмен алып жүру;

      21) Департаменттің қызметкерлерін және жұмыскерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру;

      Міндеттері:

      23) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарастыру, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті зардаптарды болдырмау бойынша шараларды уақтылы қабылдау;

      24) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      26) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      27) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау және оның экономикалық әлеуетiн нығайту үшiн құзыретiне сәйкес қажеттi шаралар қабылдау;

      28) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, олардың нәтижесін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз ету;

      29) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындау;

      30) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлау;

      31) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сұрау-салуларын орындау;

      32) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдану;

      33) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген басқа да шараларды қолдану;

      34) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз ету;

      35) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаржы мониторингі органының және (немесе) қаржы мониторингі органы лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін құзыреті шегінде шаралар қабылдау;

      38) қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау бойынша заңнамалық актілермен көзделген шараларды қабылдау;

      39) заңнамада белгіленген тәртіпте негізгі функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты Агенттікке ұсыну;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент басшысының өкілеттігі:

      1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) еңбек қатынастары мәселелері Агенттіктің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      4) өңір шегінде өзіне және өзінің орынбасарларына қатысты іссапарға жіберу мәселелерін шешеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті құқықтық актілер шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;

      8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;

      10) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады;

      11) Агенттікке берілетін ақпараттың дұрыстығына дербес жауапты болады;

      12) Департаменттің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      13) Агенттікке Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      20. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша кірісін қоса алғанда) және өзге де көздер есебінен құралады.

      21. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2022 жылғы "__" ________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 2 бұйрығына
20-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша іске асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департамент егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, 69А.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 2 бұйрығына
  21-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша іске асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департамент егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 100600, Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144 ғимарат.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаменттің функциялары болатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке кіріс әкелетін қызмет атқаруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда сондай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің міндеттері:

      1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Департаменттің функциялары:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтарға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік қызметті қамтамасыз етуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтар жөніндегі қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ақпаратты кейіннен жариялай отырып өткізуге мониторингті жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саладағы криминогендік жағдайды талдау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      9) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келіп түскен өтінішхаттар мен сұрау салуларды орындау;

      10) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      12) ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, Департаменттің техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;

      13) Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      14) Департаменттің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және өткізу режимін қамтамасыз ету;

      15) Департаменттің қару-жарағына кіретін қарулардың, оқ-дәрілердің, арнайы қорғау құралдарының сақталуын есепке алу және бақылау;

      16) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру даярлығы, Департамент жұмысының тұрақтылығын арттыру;

      17) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимін сақтау;

      18) Департамент жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, алдын алу және жолын кесу;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған құқық бұзушылықтармен күрес бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте криминалистикалық зерттеулер жүргізу;

      3) өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу;

      4) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне Департаменттің есебінен өтей отырып пайдалану;

      5) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалану;

      6) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалану;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алу және пайдалану;

      9) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келісу бойынша Департаменттің күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін тартуға;

      10) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіру;

      11) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеу және (немесе) тергелуі бойынша беру;

      12) құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстау және Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі органдарының немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;

      13) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою, тінту жасау немесе алу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс-, бейнежазба, кино-, суретке түсіру, көшірме бедер жасау, баспатаңба, жоспарлар, схемалар және ақпаратты түсіріп алудың басқа да тәсілдерін жүргізу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда тауарлар сатып алу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдану, атыс және өзге қаруды, арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану;

      17) іс жүргізуде бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге де мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсініктемелер алу;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;

      19) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыруға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

      20) ұсталғандарды және қамауға алынған өзге де адамдарды айдауылмен алып жүру;

      21) Департаменттің қызметкерлерін және жұмыскерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру;

      Міндеттері:

      23) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарастыру, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті зардаптарды болдырмау бойынша шараларды уақтылы қабылдау;

      24) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      26) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      27) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау және оның экономикалық әлеуетiн нығайту үшiн құзыретiне сәйкес қажеттi шаралар қабылдау;

      28) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, олардың нәтижесін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз ету;

      29) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындау;

      30) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлау;

      31) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сұрау-салуларын орындау;

      32) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдану;

      33) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген басқа да шараларды қолдану;

      34) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз ету;

      35) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаржы мониторингі органының және (немесе) қаржы мониторингі органы лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін құзыреті шегінде шаралар қабылдау;

      38) қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау бойынша заңнамалық актілермен көзделген шараларды қабылдау;

      39) заңнамада белгіленген тәртіпте негізгі функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты Агенттікке ұсыну;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент басшысының өкілеттігі:

      1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) еңбек қатынастары мәселелері Агенттіктің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      4) өңір шегінде өзіне және өзінің орынбасарларына қатысты іссапарға жіберу мәселелерін шешеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті құқықтық актілер шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;

      8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;

      10) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады;

      11) Агенттікке берілетін ақпараттың дұрыстығына дербес жауапты болады;

      12) Департаменттің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      13) Агенттікке Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      20. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша кірісін қоса алғанда) және өзге де көздер есебінен құралады.

      21. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады