2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Абай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 239 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетілген Абай ауданы ұйымдарына қосымшаға сәйкес белгіленсін:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Смағұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Абдыкаримов

  Абай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "14" қараша
№ 239 қаулысына қосымша

2023 жылға Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

   №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындар саны (бірліктер)

1

Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

2

Абай облысы ветеринария басқармасының "Абай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

65

2

1

3

Абай облысы білім басқармасының "Абай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

4

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

211

3

6

5

Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

6

Абай облысы білім басқармасының "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

141

3

4

7

Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады