2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 295 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдануын;

      2) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 447 қаулысының (2022 жылғы 2 ақпанда № 164210 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М.Жақсылықоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 295 қаулысына
қосымша

2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері

№    

Кәсіпорынның, ұйымның атауы

Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары саны (бірлік)

Жұмыс орындарына квотаның мөлшері (%)

Бекітілген квотасы (адам)

1

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Николай Островский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2

1

2

"Красный Партизан" шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

56

2

1

3

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

4

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

5

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Жезкент кенттінің мектеп-лицейі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2

2

6

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

7

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің " Жезкент орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

8

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Владимир Комаров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

2

9

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Төлеубай Аманов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

10

"Лазарев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

63

2

1

11

"Буркотовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

57

2

1

12

"Абай облысы Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

81

2

2

13

"СФ Песчанка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

2

1

14

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

15

Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

16

"Е.Зайтенов" шаруа қожалығы

200

3

6

17

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

18

"Семейгидрогеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

3

3

19

"Крестьянское хозяйство "Новая Заря" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

3

4

20

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бородулиха ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

78

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады