Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 23.08.2023 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілмінде №13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде 2- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Байсабыров |
2022 жылғы "29" қарашадағы № 482 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/н | Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері (% ұйымжұмысшыларыныңтізімдіксанынан) | Жұмысорындарының(адам)саны |
1 | "Георгиевка сорғы-жабдықтаузауыты"жауапкершілігішектеулісеріктестігі | 81 | 1 | 1 |
2 | "Қамқор локомотив" жауапкершілігішектеулісеріктестігінің "Шар локомотив жөндеудепосы" филиалы | 135 | 1 | 1 |
3 | "SHARCEM" (Шар цем) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 220 | 1 | 2 |
4 | "Шалабай"жауапкершілігішектеулісеріктестігі | 114 | 1 | 1 |
5 | Жарма ауданыәкімдігінің "Горводхоз" коммуналдықмемлекеттіккәсіпорыны | 54 | 1 | 1 |
6 | Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма-Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 134 | 1 | 1 |
2022 жылғы "29"қарашадағы № 482 қаулысына 2 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері (% ұйымжұмысшыларыныңтізімдіксанынан) | Жұмысорындарының(адам)саны |
1 | Абай облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 77 | 1 | 1 |
2 | Абай облысыбілімбасқармасы Жарма ауданыбойынша"Б.Тұрсыноватындағы орта мектебі"коммуналдықмемлекеттікмекемесі | 76 | 1 | 1 |
3 | Абай облысыбілімбасқармасы Жарма ауданыбойынша"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 125 | 1 | 1 |
4 | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны | 346 | 1 | 3 |
5 | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 293 | 1 | 3 |
6 | Абай облысыбілімбасқармасы Жарма ауданыбойынша"Маяковский атындағы орта мектебі"коммуналдықмемлекеттікмекемесі | 136 | 1 | 1 |
7 | "Георгиевка сорғы-жабдықтаузауыты"жауапкершілігішектеулісеріктестігі | 81 | 1 | 1 |
8 | Абай облысыбілімбасқармасы Жарма ауданыбойынша"Георгивка орта мектебі"коммуналдықмемлекеттікмекемесі | 139 | 1 | 1 |