Жарма ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 356 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 1-тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Жарма ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №482 "2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";

      2) Жарма ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №483 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".

      2. Осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдасын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Ж. Байсабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады