2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 483 қаулысы. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 356 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 23.08.2023 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетілген Жарма ауданы ұйымдарына қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Байсабыров

  Жарма ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "29" қарашадағы
№ 483 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындар саны (бірліктер)

1

Абай облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
77

 
2

 
2

2

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
96

 
2

 
2

3

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Георгиевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
139

 
3

 
4

4

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
76

 
2

 
1

5

Абай облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Жарма ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 
346

 
4

 
14

6

Абай облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Шар қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 
293

 
3

 
11

7

Жарма ауданы әкімдігінің "Горводхоз" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 
54

 
2

 
1

8

Жарма ауданы әкімдігінің
"Жарма аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 
121

 
3

 
3

9

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
136

 
3

 
4

10

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Т.Кобдыкова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
64

 
2

 
1

11

Жарма ауданы әкімдігінің "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 
86

 
2

 
2

12

"Қамқорлокомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы

 
135

 
3

 
4

13

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
97

 
3

 
3

14

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Бақыршық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
105

 
3

 
3

15

"Шалабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 
114

 
3

 
3

16

Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма су" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
134

 
3

 
4

17

Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша "Б.Тұрсұнов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
76

 
2

 
1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады