2023 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 384 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды заттармен жағдайлары жұмыс істеу, қауiптi жұмыстарды есепке алмағанда, мүгедектер үшiн 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындары санының екi-төрт пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.

      2. "Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарович Темиржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Оразбаев

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "05" желтоқсан
№ 384 қаулысына 1 қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасының көлемі

№    

Ауылдық округ, кент әкімшіліктердің атауы

Ұйымдар атауы

Қызметкерлердіңтізімдіксаны
(адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Квота бойынша жұмыс орындар саны

1

Көкпекті ауылы

"Абай облысы Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

45

2

1

2

Қ. Аухадиев атындағы ауыл

"Преображенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

74

2

1

3

Үлкенбөкен ауылы

"Үлкен-бөкен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме

72

2

1

4

Көкпекті ауылы

Абай облысы Көкпекті аудандык мәдениет бөлімінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналык кәсіпорыны"

116

3

3

5

Көкпекті ауылы

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

260

4

10


Барлығы


567


16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады