Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 05/58 "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 59/01 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 05/58 "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі 8 тармақтағы мемлекеттік тілдегі "Қарағанды облысы" сөздері "Ұлытау облысы" сөздеріне, орыс тіліндегі "Карагандинская область" сөздері "Ұлытау облысы" сөздеріне ауыстырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Сәтбаев қаласының әкімдігінің 01.03.2013 №05/58 қаулысы түскен жоқ.

      2. Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратының басшысы (Нысанбаев А.С.) уәкілетті тіркеуші органда Ережеге өзгерту енгізуді тіркеуді қамтамасыз етіп және бекітілген заңнама тәртібінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратының басшысы А.С.Нысанбаевқа жүктелсін.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады