"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 59/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 01 наурызындағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" №482 Бұйрығының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің атауы "Сәтбаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін.

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері өзгертілсін.

      3. "Сәтбаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қосымшадағы Жарғысы бекітілсін.

      4. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 05 мамырдағы "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" №09/19 қаулысының 2 тармағының күші жойылсын.

      5. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры (Қ.Ашықбаев) Жарғының уәкілетті тіркеуші органда тіркеуді қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамалық тәртіппен қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады