ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/82 "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 8-тармағындағы мемлекеттік тілдегі "Қарағанды облысы" деген сөздер "Ұлытау облысы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілінде "Карагандинская область" деген сөздер "область Ұлытау" деген сөздермен ауыстырылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.04.2016 № 13/82 қаулысы түскен жоқ.
2. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Қ.Ж. Төлеш) Ережедегі өзгерістердің уәкілетті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етсін және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Ж.Төлешке жүктелсін.
Сәтбаев қаласының әкімінің міндетін атқарушы | Ш. Әубәкір |