2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, "GEO-VITA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ф.Н.Зиязитдиновтың өтінішін қарастырып, 2021 жылғы 26 шілдедегі пайдалы қазбаларды барлау №1384-EL лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "GEO-VITA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Балқаш қаласы, Саяқ кентінің аймағында орналасқан, ауданы 121,8 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2027 жылдың 26 шілдесіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "GEO-VITA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Капашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | О. Таурбеков |