Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Транстелеком" акционерлік қоғамына "Алматы-Астана" талшықты оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, жалпы көлемі 43,0063 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 49 жылға жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 03/01 қаулысына қосымша |
№ | Атауы | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га | |||
1 | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерлері (09-102-022-681) | 0,0023 | 0 | 0,0023 |
2 | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерлері (09-102-022-682) | 0,0234 | 0 | 0,0234 |
3 | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерлері (09-102-022-684) | 0,1764 | 0 | 0,1764 |
4 | М.Майкотовтың "Тарасу" шаруа қожалығының жерлері (09-102-040-693) | 2,5611 | 2,5611 | 0 |
5 | Сарышаған кентінің жерлері | 7,0264 | 0 | 0 |
6 | Аудандық жер қорының жерлері | 33,2167 | 0 | 0 |
Барлығы | 43,0063 | 2,5611 | 0,2021 |