Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 15/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Сатурн-2020" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 32,00 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2026 жылдың 14 шілдесіне дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 04 наурыздағы
№ 15/01 қаулысына
қосымша

Атауы

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га

1

Р.Мусахановтың "Аксу" шаруа қожалығының жерлері (09-102-006-207)

32,00

32,00

0


Барлығы

32,00

32,00

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады