Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 35/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жаңа Мыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 9200,0000 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 22 шілдесіне дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 35/04 қаулысына
қосымша

Атауы

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га

1

Ауданның жер қоры

5629,0000

5629,0000

0,0000

2

Д.Абиннің "Үміт" шаруа қожалығының жерлері (09-102-033-047)

2100,0000

2100,0000

0,0000

3

А.Мейрамбекұлының "Бұлғын" шаруа қожалығының жерлері (09-102-033-044)

1471,0000

1471,0000

0,0000


Барлығы

9200,0000

9200,0000

0,0000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады