"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 23 шiлдедегi № 42/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары бекітілсін";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев
      КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________________ Е. Жамаубаев
2022 жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 23 шілдедегі
№ 42/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары

Рет

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Қолдану
мерзімі
(жыл)

1

Итке арналған ағаш күрке

дана

1 итке

5

2

Қызметтік иттерге арналған жиналмалы вольерлер (қызметтік иттер штатына)

дана

1 итке

10

3

Қызметтік жануарлардың мамандар тобын дайындауға арналған оқу-жаттығу плакаттары (10 плакат)

жиынтық

1 топқа

5

4

Вольерді (тұрақты) тазалауға арналған щетка

дана

1 басқа

1

5

Вольерді жинауға арналған металл қалақ

дана

1 итке

2

6

Вольерді (тұрақты) жинауға арналған қалақ күрек (үшкір)

дана

1 басқа

2

7

Жалаушалар жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

8

Жергілікті жерді, үй-жайларды, көлік құралдарын тінтуге арналған оқу-жаттығу жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

9

Іздеу жұмыстарына арналған оқу-жаттығу жиынтығы (іздестіру иттері үшін)

жиынтық

1 топқа

3

10

Заттарды үлестірусіз сұрыптауға арналған оқу-жаттығу жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

11

Итке арналған броньды кеудеше (шабуылдаушы иттер үшін)

дана

2 топқа

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады