Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11544 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.07.2022 № 42/қе бұйрығымен.

  №___дана

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.07.2022 № 42/қе бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.07.2022 № 42/қе бұйрығымен.

      2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. ҰҚК Шекара қызметі тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікті сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы Н. Әбіқаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б.Сұлтанов

      2015 жылғы "__" ______

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары

      Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.07.2022 № 42/қе бұйрығымен.

Рет

Жабдықтау нормасының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Қолдану
мерзімі
(жыл)

1

Итке арналған ағаш күрке

дана

1 итке

5

2

Қызметтік иттерге арналған жиналмалы вольерлер (қызметтік иттер штатына)

дана

1 итке

10

3

Қызметтік жануарлардың мамандар тобын дайындауға арналған оқу-жаттығу плакаттары (10 плакат)

жиынтық

1 топқа

5

4

Вольерді (тұрақты) тазалауға арналған щетка

дана

1 басқа

1

5

Вольерді жинауға арналған металл қалақ

дана

1 итке

2

6

Вольерді (тұрақты) жинауға арналған қалақ күрек (үшкір)

дана

1 басқа

2

7

Жалаушалар жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

8

Жергілікті жерді, үй-жайларды, көлік құралдарын тінтуге арналған оқу-жаттығу жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

9

Іздеу жұмыстарына арналған оқу-жаттығу жиынтығы (іздестіру иттері үшін)

жиынтық

1 топқа

3

10

Заттарды үлестірусіз сұрыптауға арналған оқу-жаттығу жиынтығы

жиынтық

1 топқа

3

11

Итке арналған броньды кеудеше (шабуылдаушы иттер үшін)

дана

2 топқа

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады