БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларында:
1-тарауда. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы":
ескертпенің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл";
2-тарауда. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы":
ескертпенің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
КЕЛIСIЛДI Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _________________________ "___" ___________ 20__ жыл |