Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 01.04.2021 № 32/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2022 № 71/қе бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 01.04.2021 № 32/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. ҰҚК Шекара қызметі тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде қызметтік жануарларды сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы "__" ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 32/қе бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары
Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 01.04.2021 № 32/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2022 № 71/қе бұйрықтарымен.
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы
Р/с№ | Бөлімше атауы | Өлшем бірлігі | Қызметтік жылықы | Оқу жылқысы | Айғыр | Бие (аналық бас) | Құлындар | Үйретілетін жылқы | ||
1 жасқа дейінгі | 2 жасқа дейінгі | 3 жасқа дейінгі | ||||||||
1. | Шекара бөлімі (бөлімшесі) | бас | 20 | - | - | - | - | - | - | - |
2. | Оқу-жаттығу – үйрету кавалериялық тобы (бөлімшесі) | бас | 6 | - | 3 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 |
3. | Шекара академиясы | бас | - | 46 | - | - | - | - | - | - |
Ескертпелер:
1. Қызметтік жылқы – Шекара қызметінің мүддесі үшін қолданылатын жылқы.
2. Оқу жылқысы – белгіленген психологиялық және физиологиялық сапасы бар, оқу жүрісінде қолданылатын жылқы
3. Айғыр – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы.
4. Бие – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ұрғашы жылқы.
5. Тай-құлындар – 3 жасқа дейінгі жылқы төлі.
6. Үйретілетін жылқы - 3 жастан 5 жасқа дейінгі жастағы бөлімшелерге арналған үйретуден (бастықтырудан), баптаудан өткен жылқылардың санаты.
7. Оқу-жаттығу-үйрету кавалерлік тобы (бөлімшесі) – функциясы асыл тұқымды жылқыларды өсіру, көбейту, үйрету және жылқы қызметінің мамандарын дайындау болып табылатын құрылымдық бөлімше.
8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы
Р/с № | Бөлімшелердің атауы | Өлшем бірлігі | Иттер санаты | |||
Қызметтік ит | Асыл тұқымды | Саптық | Күшік | |||
1. | Шекара бөлімі (бөлімше) | бас | 5 | - | - | - |
2. | Шекаралық бақылау тобы | бас | 6 | - | - | - |
3. | Күзету бөлімшесі (тобы) | бас | 6 | - | - | - |
4. | Арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл бөлімшесі (тобы) | бас | 4 | - | - | - |
5. | Кинолог мамандарды дайындау бөлімшесі (тобы) | бас | - | - | 50 | - |
6. | Қызметтік иттерді өсіру, көбейту және дайындау бөлімі | бас | - | 50 | 150 | 150 |
7. | Шекара академиясы | бас | 13 | - | - | - |
Ескертпелер:
1. Қызметтік ит – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, белгілеу және жолын кесу, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, блоктау және өзге де әсер ету мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге арналған ит.
2. Асыл тұқымды ит – асыл тұқымды иттерді өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ит.
3. Саптық ит – арнайы дайындық (жаттықтырылады) курсын өтпеген ит, сонымен қатар іздеу иттердің нұсқаушыларын дайындау бойынша оқу бөлімшелерінде, жетекшілерді дайындау бойынша жиындарда оқудағы ит, сондай-ақ бөлімшелер жанында жаттықтырылатын ит.
4. Күшік – жасы 6 айға дейінгі жас ит.
5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай